Ақтөбе облысына сұйылтыған газ тапшылығы түбегейлі жою үшін қосымша газ бөлінді деп хабарлады Азаттық тілшісі. "Ақтөбе ақпараттық орталығында" өткен жиында облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Жұбанышевтің айтуынша, кешеден бері облыста газ құю бекеттері ашылып, газды талонмен беру режимі шектелді, облыс әкімінің тапсырмасымен CNPC компаниясынан және "АқтөбеҚазақОйл" мекемесінен облысқа осы айдың соңына дейін қосымша 570 тонна газ бөлінді.
Соңғы бірнеше күнде Ақтөбе облысында сұйылтылған газ тапшылығы байқала бастаған. Кеше облыстық әкімдік Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығын облыста газға ауыстырылған көлік санының 54 пайызға артуымен және энергетика министрлігі бөлген квотаның өңір қажеттілігін толық өтей алмай отырғандығымен байланыстырған.