Accessibility links

Польша Украинадағы консулдықтарын уақытша жапты


Луцк қаласындағы шабуылдан шатыры мен терезесі қираған Польша консулдығы. Украина, 29 наурыз 2017 жыл.
Луцк қаласындағы шабуылдан шатыры мен терезесі қираған Польша консулдығы. Украина, 29 наурыз 2017 жыл.

Польша 29 наурызда таңертең Лцк қаласындағы консулдығына әлдекімдер граната лақтырған соң бұл елдегі барлық консулдығын уақытша жапты. Украина президенті Петр Порошенко мен Польша президенті Анджей Дуда да шабуылды айыптады. Украина арнайы қызметі мәлімдеме жасап, шабуылдың "Тек Ресейге тиімді, Польшаға қарсы арандату әрекеттерінің кезекті біреуі" болғанын айтты. Порошенконың баспасөз хатшысы әлеуметтік желілерде ресейлік арандатушылардың Украина президентіне телефон соғып, Польша президенті атынан сөйлескісі келгенін жазды.

Бұғна дейін телефонмен сөйлескенінде Порошенко Польшаны Луцкідегі шабуылды бірге тергеуге шақырған.

Украина мен Польшаның қарым-қатынасы соңғы айларда Екінші дүниежүзілік соғыс ескерткіштерін бүлдірудің бірнеше әрекеті жасалуына байланысты күрделене түскен. Екі ел де шабуылдарды Ресейден көреді. Тарихи қалыптасқан бір-бірін жақтырмаушылыққа қарамастан, Польша Украинаның Еуропа Одағымен жақындасқанын және Рсеейге 2014 Қырымды аннексиялап алғаны үшін санкция салыынғанын белсенді қолдайды.

XS
SM
MD
LG