Accessibility links

Алматыда наразы тұрғындар "Нұр Отанға" барды


Сот шешімдеріне наразы тұрғындар "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің ішінде плакат ұстап тұр. Алматы, 30 наурыз 2017 жыл.
Сот шешімдеріне наразы тұрғындар "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің ішінде плакат ұстап тұр. Алматы, 30 наурыз 2017 жыл.

Алматыда бүгін "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалының кеңсесінде республиканың бірнеше қаласынан жиналған 20 шақты адам Қазақстандағы сот жүйесіне наразылықтарын білдірді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар сотта жеңілгендерін айтып, "әділетсіз сот шешімі салдарынан үйімізден, Сарыағаш шипажайындағы жерлеріміз бен бизнестерімізден айырылдық" деп мәлімдеді. Наразылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтан, "Нұр Отаннан", бас прокурор Жақып Асановтан өз істерінің қайта қаралуына көмектесуді сұрады. Олар өздерінің талап-арыздары жазылған хатты партияның кеңсесіне тапсырды. Жиналғандар қолдарына ағылшын тілінде "Қазақстандағы заңсыздық тоқтатылсын!", "Президент Назарбаев, көмектес" деген жазулары бар плакаттар ұстап шықты.

XS
SM
MD
LG