Accessibility links

Араб елдері израиль-палестина бейбіт келіссөзін қайта бастауға дайын


Иордания королі Абдалла ІІ (оң жақта) Араб елдері лигасының саммитінде Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазиз әл-Саудпен сөйлесіп тұр. Иордания, 29 наурыз 2017 жыл.
Иордания королі Абдалла ІІ (оң жақта) Араб елдері лигасының саммитінде Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазиз әл-Саудпен сөйлесіп тұр. Иордания, 29 наурыз 2017 жыл.

Араб лигасы елдерінің басшылары израиль-палестина жанжалын тоқтату жөніндегі бейбіт жоспарын іске асыруды қайта бастауға дайын екенін мәлімдеп, Палестина мемлекеттілігін Израильмен толық қарым-қатынаспен айырбастау мүмкіншілігін алға шығарды.

Иорданияда жыл сайынғы бір күндік саммитті аяқтаған араб елдерінің басшылары "шынайы және тиімді палестина-израиль бейбіт келіссөз қайта бастауға" ниетті екендерін тағы да білдірді. Олар "екі мемлекеттің шешімі негізінде қақтығысты тоқтатудың өзгеше кестесін орындауға" уәде берді.

Араб лигасының саммиті негізгі үш араб елінің басшыларының алдағы апталарда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу жоспары қарсаңында өтіп отыр. Иордания королі Абдалла ІІ, Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси және Палестина басшысы Махмуд Аббас Ақ үйдегі кездесу қарсаңында ұстанымдарын үйлестіру үшін саммит аясында кездесті.

Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади саммит араб әлемінің Трамп әкімшілігімен израиль-палестина жанжалын реттеу бойынша жұмыс істесуге бейіл екенін білдіргенін айтты.

Трамп әкімшілігінің халықаралық келіссөздердегі өкілі Джейсон Гринблатт саммит арасында Махмуд Аббаспен, Иордания, Египет және Катар сыртқы істер министрлерімен кездесті.

Гринблатт араб елдерінің басшыларына Трамптың израиль-палестина бейбіт келісімін жасасуға болады және келісім "аймақ пен бүкіл әлем үшін оң ықпал етеді" деп сенетінін айтты.

Трамп бұған дейін Таяу Шығыстағы жанжалға қатысты қарама-қайшы пікірлер білдірген.

Президент сайлауы кампаниясында Трамп Иерусалимдегі АҚШ елшілігін Израильге көшіруге шақырып, араб елдерінің ашуын тудырған. Бірақ кейін екі ел арасындағы жанжалды реттеудің баламалы жолдарын қабылдауға дайын екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG