Accessibility links

Тиллерсон Анкараға сапарлап барды


Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен күрес жөніндегі келіссөзге қатысу үшін Түркияға барды. АҚШ мемлекеттік депаратментінің хабарлауынша, Тиллерсон 30 наурызда Түркия президенті Режеп Ердоғанмен және басқа да жоғары шенді шенеуніктермен кездесуінде ИМ-мен бұдан ары да бірлесе күресу жолдарын талқылайды. Мемлекеттік департаменттің ақпаратында Тиллерсонның "АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарын жоғары деңгейде өзара әрекеттестік орнатуға адал екенін" растап, "аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түркияның рөлі маңызды екенін" білдірмек.

Анкара Вашингтонға ИМ-нің Сириядағы соңғы тірегі - Ракка қаласын қайтарудағы әскери операциясына қатысты мәселеде қысым жасап отыр. Түркия АҚШ қолдайтын сириялық күрдтердің жасақтары Ракканы қайтарып алу операциясына қатыстырылмауын талап етеді.

Тиллерсонның Түркия билігі өкілдерімен келіссөзі барысында Анкараның АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулла Гүленді қайтару туралы өтініші де қозғалуы мүмкін. Түркия Гүленді 2016 жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деп айыптайды. Гүлен айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG