Accessibility links

Тәжік құқық қорғаушысының адвокаты Германияға кетіп қалды


Муаззама Кодирова, тәжікстандық ұзақ мерзімге сотталған құқық қорғаушы Бузургмехр Еровтың адвокаты.
Муаззама Кодирова, тәжікстандық ұзақ мерзімге сотталған құқық қорғаушы Бузургмехр Еровтың адвокаты.

Тәжікстанда сотталған құқық қорғаушы Бузургмехр Еровтің адвокаты Муаззама Кодирова жеке басының қауіпсіздігіне алаңдап Тәжікстанды тастап, Германияға кетіп қалды. Кодирова 29 наурызда Азаттыққа Германияда екенін және сол елден саяси беруді сұрағанын хабарлады.

Кодированың қайда екені соңғы бірнеше айда белгісіз болған. Ол Азаттыққа Тәжікстан билігі өзіне қорғауындағы адамның қатысты мәліметтерді шетелдік БАҚ-қа берді деген айыппен қылмыстық қудалауға ұшырайтынын айтып қоқан-лоққы көрсеткенін айтты.

Еров тәжік билігі 2015 жылы террористік ұйым деп жариялап, қызметіне тыйым салған "Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының" (ТИҚП) сотталған 13 жетекшісі мен мүшесінің адвокаты болған. 2016 жылы қазанда Душанбе соты Еровты елдің конституциялық құрымлымын құлатуға шақырды және әлеуметтік араздық тудырды деп айыптап, 23 жылға соттаған. Осы айдың ортасында Тәжікстан Жоғарғы соты Еровты сотқа құрмет көрсетпеді және лауазымды тұлғаны тілдеді деп түрме жазасын тағы екі жылға ұзартқан.

XS
SM
MD
LG