Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Иракқа сапармен барды


Ирактың Мосул қаласы маңындағы босқындар лагері. 29 наурыз 2017 жыл.

Иракқа сапармен барған БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш осы елдегі «шиеленіскен гуманитарлық жағдайды» бағалау мақсатымен келгенін мәлімдеді. Гуттериш Иракта үкімет армиясының Мосул қаласын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат ету оперциясы жалғасып жатқанда сапармен барып отыр.

«Бейбіт тұрғындарды қорғау – жоғары басымдылық болуы тиіс» деп мәлімдеген бүгін Гутерриш Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында.

БҰҰ бас хатшысы Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадимен кездесіп, онан соң Ирактың Күрдстан аймағының әкімшілік орталығы Эрбиль қаласына бармақшы.

Өткен жылы қазан айында Ирак армиясы АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе күштерінің қолдауымен Мосулды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат ету үшін көлемді әскери операция бастаған. Содан бері үкімет күштері қаланың шығыс бөлігін бақылауына алып, қазір батыс бөлігінде радикалды исламшылдарға қарсы күрес жүргізіп жатыр. Шайқас өтіп жатқан аудандарда жүздеген мың бейбіт тұрғын қалып отыр.

ИМ тобы 2014 жылы Мосулды басып алып, Ирактағы тірегіне айналдырған еді.

XS
SM
MD
LG