Accessibility links

Дін істері жөніндегі министрліктің комитет басшысының орынбасары ұсталды


Бауыржан Мусин, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитеті басшысының орынбасары.

Коррупцияға қарсы қызмет бүгін дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Мусиннің ұсталғанын хабарлады. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана департаменті Мусинді "мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін қорғағаны үшін пара алды" деп күдіктенеді.

Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, Мусин бүгін "кәсіпкерден параның бір бөлігі ретінде 400 мың теңге ақша алу үстінде ұсталып", Астана қалалық ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалған. Коррупцияға қарсы қызмет "Мусин алған параның жалпы көлемін 1,4 миллион теңге деп санайды.

Дін істері және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлік өткен жылдың қыркүйегінде құрылған. Министрлікті бұрын президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев басқарады. Министрлік құрамында дін істері және азаматтық қоғам істері жөніндегі екі комитет пен бес департамент бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG