Accessibility links

KazSat-2 спутнигінде екінші рет "штаттан тыс жағдай" болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық KazSat-2 ғарыш аппаратының қызметінде штаттан тыс жағдай болып, 13 байланыс және телерадио хабарларын тарату операторларының қызметі тоқтатылды деп хабарлады қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Министрлік ақпаратына қарағанда, спутниктегі төтенше жағдай бүгін Астана уақытымен саға 8:22-де болған.

Министрлік қазір Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары спутник қызметін және байланыс пен телерадио хабарларын тарату операторларының жұмысын қалпына келтірудің барлық шараларын жасап жатқанын айтады.

Ресейде жасалған "KazSat-2" спутнигі 2011 жылы жазда Байқоңырдан ұшырылған. KazSat-2 спутнигінде штаттан тыс жағдай осымен екінші рет болып отыр. Алғашқы штаттан тыс жағдай 2015 жылы 1 шілдеде болған.

Қазақстанның 2006 жылы маусымда ұшырған алғашқы "KazSat-1" спутнигі де Ресейде 65 миллион АҚШ долларына жасалған. Бұл спутник 2008 жылы маусымда істен шығып, кейін орбитаға жіберілген.

Қазақстанның үшінші спутнигі "KazSat-3" спутнигі 2014 жылдың 28 сәуірінде ұшырылған. 2014 жылдың желтоқсанында оның іске қосылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG