Accessibility links

SpaceX ғарышқа бұрын қолданылған зымыранды ұшырды


Ғарышқа ұшырылып жатқан Falcon 9 зымыран тасығышы (Көрнекі сурет).
Ғарышқа ұшырылып жатқан Falcon 9 зымыран тасығышы (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан космодромнан Falcon 9 тарихта бірінші рет көп рет пайдаланылған зымыран тасығышы ұшырылды.

SpaceX компаниясы зымыран тасығышын былтыр сәуірде ғарышқа ұшырылып, Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізген бірінші басқышымен бірге ұшырды. Бұл жолы зымыран орбитаға Латын Америкасындағы телерадио және интернет компанияларына арналған байланыс спутнигін шығарды.

SpaceX компаниясының негізін қалаған Илон Масктың есебі бойынша, бірнеше рет қолданылған зымырандар ұшырылымдар бағасының арзандауы есебінен ғарышты коммерциялық мақсатта игеруге мүмкіндік тудыруы керек. Зымырандардың бірінші басқышы - ең қымбат компонент саналады.

XS
SM
MD
LG