Accessibility links

Астанада "Таблиғи Жамағат" идеясын насихаттаған" адам сотталды


Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).
Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).

Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты қаланың Т. есімді тұрғынын Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымының идеяларын насихаттады деген айып тағып, 9 айға бас бостандығынан айырды деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, сотталушы 2013-2015 жылдары "Таблиғи Жамағат" ұйымының идеологиясын таратып, жақтас жинау үшін "дағуат" жұргізген". Сот-кешенді сараптама қорытындысы Т-ның айтқандарын "Таблиғи Жамағат" ұйымының идеялары деп тапқан.

Сот шешімі бойынша, Т. жазасын қоныс колониясында өтейді.

Қазақстанда "Таблиғи Жамағат" ұйымы 2013 жылы экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Биліктің ұйғарымынша, "Таблиғи Жамағат" Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді.

Қазақстанда 2013 жылдан бері бұл ұйымның қызметіне араласты деген айыппен ондаған адам сотталды.

XS
SM
MD
LG