Accessibility links

"Протонның" 2015 жылдан бері шыққан қозғалтқыштарында ақау бар


Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығыштарының бірі (Көрнекі сурет).
Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығыштарының бірі (Көрнекі сурет).

Роскосмос кері алдырып, зауытқа қайтарған "Протон-М" зымыран тасығыштарына арналған қозғалтқыштардың түгелге жуығынан ақау табылды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. 71 зымыран тасығыштың екінші және үшінші басқышының қозғалтқыштарын қайта жинау керек.

"Энергомаш" кәсіпорнының бас директоры Игорь Арбузов "РИА Новости" агенттігіне ақауы бар қозғалтқыштарды түзету 2018 жылға дейін созылуы мүмкін хабарлады. Оның сөзінше, қозғалтқыштарды құрау кезінде дұрыс емес дәнекер қолданылған. Ал қажетті маркадағы материал 2015 жылы қолданыстан шығарылған, бірақ оның себептерін ешкім айтпаған. Осы себепті сол кезден бері шығарылған қозғалтқыштарды қайта жасау керек.

Қаңтарда Роскосмос "Протон-М" зымырандарының екі басқышына арналған барлық қозғалтқыштарын сынақ кезінде ақау бары анықталғандықтан Воронеж механикалық зауытына түгел қайтаратыны белгілі болған. Ол кезде қозғалтқыштарды құрастыру кезінде "өтімсіз компоненттер", оның ішінде ыстыққа төзімділігі төмен металдар қолданылғаны хабарланған. Бірақ қозғалтқыштардың құжатарында өнімдердің дұрыс екендігі көрсетілген. Бұған қатысты Федералдық қауіпсіздік қызметі тергеу бастаған.

XS
SM
MD
LG