Accessibility links

Ким Чен Намның сүйегін Солтүстік Кореяға жеткізді


Ким Чен Нам.
Ким Чен Нам.

Бүгін Солтүстік Кореяға осы елдің басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның сүйегін Малайзиядан жеткізді.

Ким Чен Намды ақпанның 14-і күні Куала-Лумпур әуежайында бетіне тез әсер ететін у жағылған орамалды жауып қастандықпен өлтірген.

Наурыздың 30-ы күні Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Солтүстік Кореяның барлық азаматтары босатылады деп мәлімдеген. Бұған дейін ел аумағынан кетуге тыйым салынған Малайзиядағы Пхеньян елшілігінің тоғыз қызметкеріне де Отандарына оралуға рұқсат беріледі.

Ким Чен Намның қазасы түрткі болған екі ел арасындағы дипломатиялық жанжал да басылады деген Разак.

Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің үлкен ұлы Ким Чен Нам соңғы жылдары негізінен шетелде тұрған, ол ресми Пхеньянды ашық сынап жүрген. Оңтүстік Корея билігінің мәліметі бойынша, оның қазасына Солтүстік Корея арнайы қызметінің қатысы болуы ықтимал.

XS
SM
MD
LG