Accessibility links

Өзбекстанда "газ дауынан" соң ер адам өзін өртеп қаза болған


Тўрақўрғондаги марказий касалхонанинг реанимация бўлими
Тўрақўрғондаги марказий касалхонанинг реанимация бўлими

Өзбекстанның Наманган облысының тұрғыны үстіне бензин құйып, өзін өртеген. Денесінің 100 пайызы күйіп қалған ер адам ауруханаға жеткізілген соң көп ұзамай қайтыс болған. Оның мұндай қадамға ресми тұлғалар «коммуналдық қызмет өкілдерімен кикілжің» деп атаған жайтқа наразылық ретінде барған болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Көршілерінің сөзінше, бірнеше күн бұрын әлгі адам өзіне қарыз жазып қойғаны үшін газ кәсіпорны қызметкерлерімен дауласып қалған.

Көршілерінің айтуынша, 47 жастағы ер адам үйінің алдында үстіне жанармай құйып, от қойған. Күйеуінің үстіндегі отты сөндірмек болғанда зардап шеккен әйелі де ерімен бірге ауруханаға жеткізілген. «Әйелдің алақаны, білегі күйген, бірақ өміріне қауіп жоқ, оған көмек көрсетіп жатырмыз» деген жергілікті аурухана дәрігерінің сөзін келтіреді Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Жергілікті шенеуніктердің бірінің айтуынша, бұл оқиғаға газ кәсіпорны қызметкерлерінің әлгі тұрғыннан тұтынған за үшін қарыз ретінде екі миллион сум (шамамен 260 доллар) ақша төлеуін талап етуі себеп болуы мүмкін. Наманган облысы Турақорған ауданы тұрынының қазаға ұшырауына байланысты полиция «өз өзін өлтіру халіне жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG