Accessibility links

Тиллерсон НАТО-ны Украинадағы Ресей агрессиясын талқылауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Брюссель, 31 наурыз 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Брюссель, 31 наурыз 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон НАТО бойынша одақтастарын Құрама Штаттардың бұған дейін осы ұйым алдында алған міндеттемелеріне адалдығына және НАТО-ның өз-өзін қорғауға, соның ішінде ресейлік агрессиядан қорғануға қабілетті екеніне сендірген.

Наурыздың 31-і күні Брюссельде НАТО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің отырысы басталар алдында сөйлеген сөзінде Тиллерсон Ресейдің Украинадағы агрессиясына байланысты ортақ ұстанымды талқылау қажеттігін айтқан. Ол бұл мәселеде Шығыс Еуропа елдерінің көзқарасы ерекше маңызды екенін атап өткен.

АҚШ мемлекеттік хатшысы сонымен бірге одақтастарын қорғаныс саласына жұмсалатын шығынды жалпы ішкі өнімнің екі пайызы мөлшеріне дейін ұлғайтуға шақырған. Алдағы мамыр айына белгіленген саммитке дейін НАТО мүшелері осы мақсатқа жетуі немесе қойылған міндетті орындау бойынша жоспар әзірлеуі тиіс деген Тиллерсон.

Рекс Тиллерсон АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалғалы бері НАТО елдері министрлерінің жиынына алғаш рет қатысып отыр.

XS
SM
MD
LG