Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева олимпиада жолдамасын иеленді


Элизабет Тұрсынбаева Хельсинкидегі әлем чемпионатында.

Мәнерлеп сырғанаудан Хельсинкиде (Финляндия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 9-орын алды. Осы нәтижесінің арқасында ол 2018 жылы Пхенчхен (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиадаға жолдама иеленді.

Тұрсынбаева жоғары нәтиже көрсеткендіктен Қазақстан келер жылғы ойындарда қыздар арасындағы жарысқа тағы бір спортшы қоса алады. Екінші лицензия кімге берілетінін спортшылардың нәтижесіне қарап, Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті шешеді.

Тұрсынбаева қос бағдарламада 191,99 ұпай жинады. Бұл - оның жеке рекорды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 2016 жылғы әлем чемпионатында 183,62 ұпаймен 12-нәтиже көрсеткен.

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Хельсинкидегі әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін 9-орында тұр. Ерлер арасындағы негізгі бағдарлама 1 сәуірде өтеді.

2018 жылғы қысқы олимпиада ойындары 9-25 ақпанда болады.

XS
SM
MD
LG