Accessibility links

Белгілі орыс ақыны Евгений Евтушенко ауыр халде АҚШ-та ауруханаға түскен. Бұл туралы ТАСС агенттігіне ақынның жұбайы Мария Новикова хабарлаған. 2015 жылы Евтушенконың жүрегіне операция жасалып, кардиостимулятор орнатылған. Оған дейін 2013 жылы дәрігерлер ақынның бір аяғын кескен еді.

84 жастағы Евгений Евтушенко 150-ден аса кітап жазған, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. 1963 жылы Евтушенконы Нобель әдебиет сыйлығына ұсынған.

1991 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған ақын Оклахома штатындағы Талса қаласында тұрады, сондағы жергілікті университетте дәріс берген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG