Accessibility links

Ресейде 2 сәуірде жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру жайлы іс қозғалған


Ресей тергеу комитетінің көлігі. (Көрнекі сурет.)
Ресей тергеу комитетінің көлігі. (Көрнекі сурет.)

Ресей тергеу комитетінің Мәскеу бойынша басқармасы «жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оған Ресейде наурыздың 26-сы күні өткен жаппай наразылықтардан кейін әлеуметтік желілерде сәуірдің 2-і күні жаңа акцияларға шығуға шақырған үндеулер себеп болған деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Сәуірдің 2-і күніне белгіленген шерулердің ұйымдастырушылары белгісіз. Мәскеу мэриясына наразылық акцияларын өткізу туралы ешкім өтініш бермеген. Ресей бас прокуратурасы аталған күні шеруге шығуға шақырған әлеуметтік желілердегі барлық парақшаларды бұғаттауды талап еткен.

Наурыздың 26-сы күні Ресейдің көптеген қалаларында коррупцияға қарсылық шерулері өткен. Олардың көбіне жергілікті билік орындары рұқсат етпеген, полиция заңсыз деп бағалаған акцияларға шыққандарды ұстаған. Мәскеудегі наразылық шеруі барысында мыңнан астам адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG