Accessibility links

Парагвайда демонстранттар парламентті өртеді


Парагвай парламенті ғимаратындағы өрт. Асунсьон, 31 наурыз 2017 жыл.
Парагвай парламенті ғимаратындағы өрт. Асунсьон, 31 наурыз 2017 жыл.

Парагвай астанасы Асунсьон қаласында наурыздың 31-і күні демонстранттар парламент ғимаратын өртеген. Бұл оқиға сенат депутаттары ел конституциясына президентке екінші мерзімге сайлануға рұқсат беретін өзгеріс енгізу туралы ұсыныс бойынша жасырын дауыс бергеннен кейін болған.

Полиция наразыларға қарсы резеңке оқтар мен су шашатын құралдар қолданған. Ондаған адам зардап шеккен.

Парагвай конституциясында президент бес жылдық мерзімге бір-ақ рет сайлана алады деп жазылған. Қазіргі ел президенті Орасио Картес бұл бапқа өзгеріс енгізгісі келеді.

Билікты сынаушылар мұндай өзгеріс елдің демократиялық институттарын әлсіретеді деп санайды.

XS
SM
MD
LG