Accessibility links

Боб Диланға Стокгольмде Нобель сыйлығы медалін тапсырады


Америкалық ақын әрі музыкант Боб Дилан.
Америкалық ақын әрі музыкант Боб Дилан.

Америкалық ақын әрі музыкант, 2016 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері Боб Диланға Стокгольмде аталған сыйлық дипломы мен алтын медалі тапсырылатыны туралы ақпарат тарады. Марапаттау рәсімі қашан және қайда өтетіні жарияланған жоқ.

Швед корольдік академиясының өкілі Сара Даниустың блогында жазған ақпаратына қарағанда, Боб Диланның өтініші бойынша марапаттау рәсіміне тек академия мүшелері қатысады. 75 жастағы Дилан Нобель сыйлығының 895 мың доллар ақшалай жүлдесін алатындарға қойылатын шарт - Нобель дәрісін де оқымайды. Даниустың болжамы бойынша, оның дәрісі академияға жазбаша түрде кейін түсуі мүмкін.

Сәуірдің 1-і мен 2-і күндері Боб Дилан Стокгольмде концерт береді, бұл оның еуропалық турындағы алғашқы қойылымдары болмақ.

Өткен жылы Швед академиясы әдебиет бойынша 2016 жылғы Нобель сыйлығын Боб Диланға «америкалық ұлы ән дәстүрінде жаңа поэтикалық тіркестер тудырғаны үшін» берген. Дилан жұмысбастылығын сылтауратып, былтыр желтоқсанның 10-ы күні Нобель сыйлығының ресми марапаттау рәсіміне келмеген еді.

XS
SM
MD
LG