Accessibility links

Денис Тен олимпиада жолдамасын иеленді


Денис Тен Хельсинкидегі әлем чемпионатында.
Денис Тен Хельсинкидегі әлем чемпионатында.

Мәнерлеп сырғанаудан Хельсинкиде (Финляндия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Тен ерлер арасындағы жарыста 16-орын алды. Осы нәтижеден кейін ол 2018 жылы Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиада жолдамасын иеленді.

Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша жиырмалыққа енген спортшы олимпиадаға жолдама алады. Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 9-орында тұрған. Бірақ еркін бағдарламада екі рет құлап, аз ұпай алып қалды.

Ерлер арасындағы сынның алтынын Сочи олимпиадасының чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю, күмісті тағы бір жапо спортшысы Шомо Уно, қоланы қытайлық Воянг Дзин иеленді.

Денис Тен - 2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Хельсинкидегі әлем чемпионатында қыздар арасында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 9-нәтиже көрсетіп, Қазақстанға екі олимпиада жолдамасын әперген.

2018 жылғы қысқы олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG