Accessibility links

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жұма күні кешке жол апаты салдарынан тасыған қар суы толы жыраға құлаған көлікте болған үш адамның денелері бүгін табылды деп хабарлады Tengrinews сайты.

Қаза болған үшеудің бірінің денесі сенбі күні сағат 13:00 шамасында табылғаны туралы бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлаған. ТЖД ақпараты бойынша, наурыздың 31-і күні "Қарашоқы-Бесоба" бағытында тасжолдың бойында "УАЗ" маркалы автокөлік көктемгі еріген қар суына толы жыраға түсіп кеткен.

"Жеті орындық көлік салонында 14 адам болғаны анықталды. Апатқа ұшыраған көліктегі он бір адам судан өздері шыққан" деп хабарлаған облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысы Қуаныш Мүтәлаппов "Қазақпарат" агенттігіне.

Қаза тапқандардың кімдер екені туралы әзірше толық ақпарат жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG