Accessibility links

Еурокомиссар: Brexit салдарынан ЕО елдерінің жарна көлемі ұлғаяды


Гюнтер Эттингер.

Еуропа Одағы құрамынан Ұлыбританияның шығуына байланысты одаққа мүше өзге елдерге ортақ қазынаға енгізетін жарна көлемін көбейтуге тура келеді. Бұл туралы Еуропа Одағының сандық экономика және қоғам жөніндегі комиссары Гюнтер Эттингер Der Spiegel басылымына сұхбатында мәлімдеген.

Бұған дейін Ұлыбритания Еуропа Одағы бюджетін қалыптастыратын негізгі төлем енгізуші елдердің бірі болып келді: Лондон жыл сайын 10 миллиард еуроға жуық қаржы аударатын. Эттингердің пікірінше, ортақ бюджеттің шығыс бөлігін аталған қаржы көлемінде қысқарту мүмкін емес болғандықтан, енді салмақ одаққа мүше өзге елдерге түседі.

Наурыздың 29-ы күні Ұлыбритания Еуропа Одағы құрамынан шығу шарасын бастайтыны туралы ресми түрде жариялаған. Лондонның бұл туралы хаты Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тускке табыс етілген. Сәуірдің соңына белгіленген Еуропа Одағы елдерінің саммитіне енді Ұлыбритания қатыспайды.

AzattyqTV

Имамдар қатысқан жаттығу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00
XS
SM
MD
LG