Accessibility links

Мәскеудегі "оппозиция серуені" кезінде ондаған адам ұсталған


Полиция қызметкерлері "оппозиция шеруіне" қатысушыны ұстап жатыр. Мәскеу, 2 сәуір 2017 жыл.

Бүгін Ресей астанасының орталығындағы Салтанат алаңына «оппозиция серуені» делінген шараға қатысушы 30-дан астам адам ұсталған деп хабарлады Grani.ru интернет басылымы. «Интерфакс» агенттігінің дерегі бойынша, ұсталғандардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар. Белсенділерге қандай айып тағылып отырғаны әзірше белгісіз. Қазір олар полиция бөлімінде отыр деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

ВИДЕО: Мәскеуде "оппозиция серуеніне" шыққандарды ұстады

Наурыздың 26-сы күні бүкіл Ресей көлемінде коррупцияға қарсылық акциялары өткен еді. Содан кейін әлеуметтік желілерде сәуірдің 2-і күні жаңа наразылық акциясы өтетіні туралы ақпараттар тарады. Ондай шара өткізу туралы ешкім биліктің келісімін алмаған. Шараны кімдер ұйымдастыратыны да белгісіз.

Бүгін Мәскеудің Манеж алаңына ондаған азаматтық белсенді жиналған. Кейін ол жерге билікті қолдайтын қозғалыстардан арандатушылар да барғаны туралы ақпарат тарады. ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы және «Открытая Россия» қозғалысының негізін қалаушы Михаил Ходорковский Манеж алаңындағы бүгінгі акцияны билік тарапынан жасалған «арандатушылық» деп атаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG