Accessibility links

Туыстары Евтушенконы Переделкиноға жерлеуге рұқсат сұрады


Евгений Евтушенко.
Евгений Евтушенко.

Сенбі күні АҚШ-та 85 жасқа қараған шағында қайтыс болған орыстың танымал ақыны Евгений Евтушенконың туыстары марқұмды Переделкино кентіндегі зиратқа жерлеуге рұқсат етуді сұрап, Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің атына өтініш хат әзірлеп жатыр деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Бұған дейін ақынның досы Михаил Моргулис марқұммен қоштасу рәсімі алдағы сейсенбіден бұрын өтпейді деп хабарлаған. Евтушенконың жаназа рәсімі православ діни салт-жоралғысымен АҚШ-тың Оклахома штаты Талса қаласындағы университеттің конфессияаралық шіркеуінде ұйымдастырылады. Мұнан соң ақынның денесі Мәскеуге жеткізіліп, жұртшылықтың онымен қоштасу рәсімі өткізіледі деп хабарланды.

1991 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударғаннен кейін Евгений Евтушенко Талса қаласында тұрып, жергілікті университетте дәріс берген.

XS
SM
MD
LG