Accessibility links

Мәскеуде жалғыздың пикетіне шыққан Ильдар Дадинді ұстаған


Милиция қызметкерлері наразылық акциясын өткізіп тұрған оппозициялық белсенді Ильдар Дадинді (ортада) ұстап әкеткелі жатыр. Мәскеу, 10 наурыз 2017 жыл.
Милиция қызметкерлері наразылық акциясын өткізіп тұрған оппозициялық белсенді Ильдар Дадинді (ортада) ұстап әкеткелі жатыр. Мәскеу, 10 наурыз 2017 жыл.

Жексенбі күні Мәскеудің орталығындағы полиция бас басқармасының алдына жалғыз адамдық пикетке шыққан оппозициялық белсенді Ильдар Дадинді полиция ұстаған. Онымен бірге тағы бірнеше адам ұсталған деп хабарлайды «ОВД-Инфо» порталы. Ұсталғандарды Тверь ішкі істер бөліміне апарған.

Ильдар Дадин 2015 жылы желтоқсанда соған дейін қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген «бұқаралық шара өткізу ережесін бірнеше мәрте бұзу» бабы бойынша сотталған. Биыл ақпан айында Ресей Жоғарғы соты белсендіні толық ақтап, үкімнің күшін жойғаннан кейін Дадин Сібірдегі түрмеден босап шыққан.

Бүгін Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында «оппозиция серуені» делінген шараға қатысушыларды полиция ұстап әкеткені хабарланған.

XS
SM
MD
LG