Accessibility links

Колумбияда көшкіннен 200-ден астам адам із-түзсіз жоғалды


Мокоадағы көшкін. Колумбия, 1 сәуір 2017 жыл.
Мокоадағы көшкін. Колумбия, 1 сәуір 2017 жыл.

Колумбияның оңтүстік-батысындағы Мокоа қаласында болған көшкіннен 200-ден астам адам із-түзсіз жоғалды. Колумбияда өткен жылдың қазанынан бері осымен үшінші рет көшкін жүріп отыр. Колумбия армиясының мәлімдеуінше, көшкіннен 254 адам қаза тауып, 400 адам жараланған, тағы 200 адамның тағдыры белгісіз.

ҚҰйып жауған нөсер жаңбырдан үш өзен арнасынан шығып кеткен. 40 мың тұрғыны бар Мокоадағы көшкін 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні болған. Аймақта электр қуатын беру мен ауыз су жеткізу қызметі бұзылды. Полиция табиғат апатынан кейін тонау оқиғаларының көбейгенін айтады.

Колумбияда 1985 жылы Армеро қаласында ел вулканның атқылауынан кейін ел тарихында болған ең қайғылы көшкін 20 мың адамның өмірін жалмаған.

XS
SM
MD
LG