Accessibility links

Экзит-пол: Армениядағы сайлауда биліктегі партия алда келеді


Армения президенті Серж Саргсян парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Ереван, 2 сәуір 2017 жыл.
Армения президенті Серж Саргсян парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Ереван, 2 сәуір 2017 жыл.

Арменияда 2 сәуірде ел парламенттік басқару жүйесіне көшкеннен кейін алғашқы парламент сайлауы өтті. Сайлауда биліктен Армения республикашыл партиясы өзге сегіз партяи және альянспен бәсекеге түсті.

Армения орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге сайлаушылардың 61 пайызы қатысқанын мәлімдеді.

Сайлау учаскелерінің алдында сайлаушылардан алынған сауалнама нәтижелеріне қарағанда, президент Серж Саргсян басқаратын Армения республикашыл партиясы 46 пайыз дауыс, оппозициялық "Царукян блогы" партиясы25 пайыз дауыс жинаған. Парламентке сонымен қатар 10 пайыз дауыс жинаған "Елк" блогы, 5 пайыз дауыс алған "Дашнакцутюн" партиясы да өті мүмкін. Парламентке өту үшін сайлауға түскен партиялар бес пайыздық, блоктар жеті пайыздық межеден өтуі тиіс.

Дауыс беру кезінде заң бұзылғаны туралы түрлі шағымдар түсті. Бұл туралы азаматтық белсенділер де хабарлады. Бірақ биліктегі партия өкілдері бәсекелестерін "жаппай заң бұзылғаны сияқты әсер тудырмауға" шақырды.

XS
SM
MD
LG