Accessibility links

Дадин мен бірнеше белсендіні тергеуге шақырды


Белсенді Ильдар Дадин полиция ортасында тұр. Мәскеу, 10 наурыз 2017 жыл.
Белсенді Ильдар Дадин полиция ортасында тұр. Мәскеу, 10 наурыз 2017 жыл.

Мәскеуде 2 сәуірде полиция бас басқармасының алдына жалғыз адамдық пикетке шыққаны үшін ұсталған белсенді Ильдар Дадин мен онымен бірге ұсталған бірнеше адам босатылды деп хабарлайды "ОВД Инфо" порталы. Дадин мен өзге екі белсендіге 4 сәуірде Тергеу комитетіне тергеуге келу қағазы тапсырылған.

Мәскеудегі полиция басқармасы алдында ұсталған жеті адамды жаппай тәртіпсіздікке шақыру туралы іс бойынша тергеген. Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде 2 сәуірде акция өтетіні туралы хабарланған соң 31 наурызда ол бойынша қылмыстық іс қозғаған.

2 сәуірде Мәскеу мен Санкт-Петербургте полиция "оппозиция серуені" делінген түрлі шараларға қатысқан 59 адамды ұстаған. Сонымен қатар Манеж алаңы, Салтанат алаңы мен Қызыл алаңда да белсенділер ұсталған. Тергеушілер олардың көпшілігінен 26 наурызда Мәскеудегі Тверь көшесінде болған коррупцияға қарсы митингіге қатысты жауап алған.

XS
SM
MD
LG