Accessibility links

Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам қаза болды


Маңғыстау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам, оның ішінде бір әйел мен бір бала қаза тапты деп Маңғыстау облысының санитарлық авиация қызметінің кезекші бөліміне сілтеме жасаған жергілікті Lada.kz ақпараттық сайты.

Санитарлық авиация қызметінің ақпаратына қарағанда, Toyota Camry және КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан қайғылы жол апаты 3 сәуірге қараған түні Бейнеу-Атырау жолында болған. Жеңіл көлікте үш ер адам, бір әйел мен үш бала болған. Үш ер адам мен әйел және 2014 жылы туған бала оқиға орнында жан тапсырған. 2005 және 2006 жылы туған екі бала ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Ал қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті департамент басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, Маңғыстау облысында жол апатынан қаза тапқан үш ер адам - Сәндібек Жанғалиев, Сәлиев Айдос және Қасымхан Сәрсенов комитет қызметкерлері. Марқұмдар "Тәжен" кеден бекетіне вахталық әдіспен жұмысқа кетіп бара жатқан.

XS
SM
MD
LG