Шымкентте жол-көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға түнгі сағат 01.30 шамасында Шымкенттегі Арғынбеков пен Бәйтерек көшелерінің қиылысында болған. "Mq350" маркалы автокөлігі мен "Дэу Нексия" маркалы автокөлігі соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті. Екі жүргізуші және "Дэу Нексия" автокөлігінің 7 жолаушысы. Олардың төртеуі 2000, 2004, 2007 және 2013 жылы туған балалар. Түрлі дене жарақаттарын алған тұрғындар Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілді" делінген хабарламада.
Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.