Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда, экономикалық және саяси ынтымақтасты дамытудың келешегін талқылады деп хабарлады ресми БАҚ. Назарбаев Бакуге ресми сапармен 2 сәуір күні барған.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Қазақстан мен Әзербайжанның транзиттік-транспорттық әлеуетін дамыту қажетін айтып, "екі елдің халықаралық мәселелердегі ұстанымынын жақындату мен өзара түсінісуіне" назар аударған.
Назарбаев сонымен қатар Ильхам Әлиевті 2016 жылы конституцияға өзгерістер енгізген референдумның өтуімен құттықтаған. Әлиевті сынайтындар конституцияға өзгерістер оның билікте отыру мерзімін ұзартып, оның отбасының рөлін күшейту үшін енгізілген дейді.
Дүйсенбіде Назарбаев Бакуде Шейіттер аллеясы мен Ильхам Әлиевтің әкесі Гейдар Әлиевтің зиратына гүл шоқтарын қойған.
Әзербайжанды совет кезеңінен бері басқарған Гейдар Әлиев билігін 2003 жылы өлетінінен аз уақыт бұрын ұлына тапсырып кеткен.