Accessibility links

Cанкт-Петербург метросында жарылыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Cанкт-Петербург қаласындағы метрода жарылыс болғаны хабарланды. Қазіргі мәліметке қарағанда, жарылыстан жапа шекен адамдар бар.

Әзір жеткен ақпаратқа қарағанда, жарылыс «Технология институты» станциясында болған. Оқиғадан жараланған адамдар бар екенін хабарлағанымен, анық қанша кісі екенін әлі белгісіз. Оқиға орнынан тараған суреттен қираған вагон мен платформада жатқан адамдар көрінеді.

Кейбір дерек көздері метроның "Сенная площадь" станциясында да жарылыс болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG