Accessibility links

Ресей мен Беларусь газ тасымалына қатысты даудың реттелгенін мәлімдеді


Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 3 сәуір 2017 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 3 сәуір 2017 жыл.

Ресей мен Беларусь мұнай мен газ жеткізуге байланысты өзара туындаған дауды реттегенін мәлімдеді. Келісімге Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенконың 3 сәуірде Санкт-Петербургтегі келіссөзінде қол жеткен. Путиннің сөзінше, келісім-шарт талаптары толықтай 10 күннің ішінде анықталады. Ол сонымен қатар тараптардың 2020 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықтың стратегиясын талқылағанын да айтты.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, Ресей вице-премьері Аркадий Дворкович Беларусь мұнай жеткізгені үшін 726 миллион доллар көлеміндегі қарызын біртіндеп төлейтінін хабарлады. Мұның есесіне мұнай қайта жеткізіле бастайды.

Соңғы айларда Лукашенко бірнеше рет Ресейді қатқыл сынаған.

Бұдан бір ай бұрын ол Ресейді келісімді бұзып, көмірсутегі энергиясының маңызды тасымалдаушысы ретіндегі рөлін "алқымнан алу құралы" ретінде пайдаланды деп айыптаған.

Минскінің мәлімдеуінше, Мәскеу 2015 жылдың қаңтарында Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылғаннан бері Беларуське сататын газының бағасын екі есеге қымбаттатқан. Лукашенко тіпті Минскінің Беларусьті НАТО-мен территориясындағы буферлік аймақ деп санайтын Ресеймен жақын қарым-қатынастан бас тарта алатынын ашық білдірген.

XS
SM
MD
LG