Accessibility links

ҰҚК Арышевтің Петербургтегі терактіге қатысы барын жоққа шығарды


Метродағы жарылыс болған вагон. Санкт-Петербург, 3 сәуір 2017 жыл.
Метродағы жарылыс болған вагон. Санкт-Петербург, 3 сәуір 2017 жыл.

Қазақстан азаматы Максим Арышевтің Санкт-Петербургте 3 сәуірде болған терактіге қатысы бар деген ақпар шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. Бұған дейін кейбір ресейлік ақпарат құралдары 1996 жылы туған қазақстандық Максим Арышевтің терактіге қатысы бар болуы мүмкін деп хабарлаған.

"Ол бұған дейін комитеттің назарына ілікпеген және Ресей анайы қызметіндегілер терактіні сол жасады деп санамайды. Жарылыс орнында болған ол теракт құрбаны болып кеткен сияқты" деді Білісбеков бүгін Астанада премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысқан үкімет жиынында.

"Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметімен, көршілес елдердің арнайы қызметтерімен бірге терактіге Қазақстан азаматы емес, Орталық Азия елдерінің бірінен шыққан Ресей азаматының қатысы бар деген нұсқаны тексеріп жатырмыз" деді Білісбеков. Ол сонымен қатар Санкт-Петербургте 3 сәуірде болған жарылыстан соң Алматы қаласы мен шекарадағы транспорт нысандарында қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін айтты.

Санкт-Петербург метросының вагонында "Технология институты" және "Сенная площадь" станцияларының арасында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тауып, 50-ге тарта адам жараланған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың мәлімдеуінше, 4 сәуір күнгі сағат 05:30-дағы мәліметке сай аты-жөні анықталған теракт құрбандары арасында Қазақстан азаматы жоқ.

XS
SM
MD
LG