Accessibility links

Бішкек: Петербургтегі жарылысқа күдікті Қырғызстанда туған


Санкт-Петербургтегі жарылыс болған метро станциясының маңы. 3 сәуір 2017 жыл.
Санкт-Петербургтегі жарылыс болған метро станциясының маңы. 3 сәуір 2017 жыл.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Санкт-Петербург метросында жарылыс жасады деген күдікті Қырғызстанда туған деген ақпаратты растады. МҰҚК-нің баспасөз хатшысы Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, күдікті Қырғызстанда туып, кейін Ресей азаматтығын алған.

"МҰҚК ресейлік әріптестерімен байланысып отыр және қажетті шараларды жасап жатыр" деді ол. МҰҚК күдіктінің аты-жөнін жариялаудан және ол туралы толық мағлұматты әзірге беруден бас тартты.

3 сәуірде Санкт-Петербург метросының вагонында "Сенная площадь" жәен "Технология институты" станцияларының арасында жарылыс болған. Ресей Ұлттық антитеррорлық комитетінің мәліметінше, жарылыстан 11 адам қаза тауып, 51 адам жараланған.

Расталмаған мәліметтер бойынша, жарылғыш құрылғыны жанкешті терррористің өзі жарып, ал вагондағы бомбаны оның серігі қойып кеткен болуы мүмкін.

Ресейдің тергеу комитеті жарылыс бойынша "террористік акт" бабы бойынша іс қозғады. Санкт-Петербургте үш күндік аза тұту жарияланды.

XS
SM
MD
LG