Accessibility links

Трамп Путинмен телефонмен сөйлесіп, қолдау білдірді


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге телефон соғып, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан соң АҚШ-тың қолдауын білдірді.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Трамп АҚШ-тың шабуылға жауап беруде және оған жауаптыларды жауапқа тартуда Ресейді "толық қолдайтынына" уәде берген.

"Трамп пен Путин терроризмді батыл және жедел түрде күйрету қажет дегенге келісті" делінген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің мәлімдемесінде.

Песков Трамптың жарылыстан жапа шеккендердің отбасыларына көңіл айтқанын жеткізді.

Соңғы мәлімет бойынша, Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 51 адамға жетті. Ресей билігі жарылысты теракт деп атады. Арнайы қызметтің мәліметінше, жарылысқа Қырғызстанның Ош облысында туған Ресей азаматы күдікті. Бұған дейін ресейлік бірқатар ақпарат құралдары жарылысқа қазақстандық студент Максим Арышевтің қатысы бар болуы мүмкін деп хабарлаған еді. Бірақ бүгін Қазақстан арнайы қызметі ол ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG