Accessibility links

Тәжікстан Ресей әуе компанияларының ұшуына тыйым салатынын ескертті


UTair компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
UTair компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

Тәжікстан егер Ресей билігі тәжікстандық Somon Air компаниясының Мәскеуге ұшатын рейстерін қайтадан қабылдамаса 6 сәуірден бастап ресейлік екі әуе компаниясының өз территориясына ұшуына тыйым салатынын мәлімдеді. Тәжікстанның транспорт министрі Ильхом Тохировтың Азаттыққа мәлімдеуінше, министрлік Ресейдің транспорт министрлігіне нота жолдаған. Онда егер Ресей үкіметі 31 наурыздағы шешімін жоймаса Душанбенің "Уральские авиалинии" және UTair компанияларының Душанбе мен Худжандқа ұшуына тыйым салатыны айтылған.

31 наурызда Ресей билігі Somon Air компаниясының Душанбе мен Худжандтан Мәскеуге ұшуына тыйым салып, ол 3 сәуірде күшіне енген. Ресей транспорт министрлігі бұл тыйым Тәжікстанның Ресейдің Жуковский әуежайынан ұшақтарды қабылдаудан бас тартуына жауап ретінде салынғанын айтады. Жуковский әуежайы 2016 жылы мамырда ашылған. Душанбе Жуковскийдің Мәскеудегі төртінші әуежай екенін және оның Мәскеуден Тәжікстанға ұшатын рейстердің күрт артуына себеп болғанын айтады. Бірақ Ресей билігі Жуковскийдің Мәскеу әуежайы емесін, себебі ол шартты түрде Мәскеу облысы Раменское қаласының юрисдикциясында тұрғанын айтады.

XS
SM
MD
LG