Accessibility links

Санкт-Петербургте Федерация кеңесінің мүшесі өлі күйде табылды


Вадим Тюльпанов Санкт-Петербургтің заң шығару органының басшысы қызметі кезінде.
Вадим Тюльпанов Санкт-Петербургтің заң шығару органының басшысы қызметі кезінде.

Ресей тергеу комитеті 4 сәуірде Санкт-Петербургте қайтыс болған Федерация кеңесінің мүшесі Вадим Тюльпановтың өліміне қатысты тексеріс бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, депутат фитнесс-орталығында тайып құлап, басын соғып алған. Жедел жәрдем жеткенде, Тюльпанов жүріп кеткен. Оқиға орнына тергеушілер барған.

52 жастағы Вадим Тюльпанов 2003-2011 жылдары Санкт Петербургтің заң шығарушы органының төрағасы болған. Кейін ол Санкт-Петербургтен Федерация кеңесіне депутат болып сайланған. 2014 жылы Ненецк автономиялық округінің Федерация кеңесіндегі өкілі болған. 2015 жылдан бастап ол 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігіне дайындықты бақылайтын мемлекеттік комиссияны басқарып, осы әлем біріншілігін мемлекеттік ұйымдастыру кеңесінің мүшесі болған.

XS
SM
MD
LG