Accessibility links

Шымкентте өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр


Шымкентте бүгін Көрме орталығында алты облыс қатысқан өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының 636 жұмыс берушісі Оңтүстік Қазақстан облысынның тұрғындарына 1700-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, азаматтар ерікті түрде басқа облыстағы бос жұмыс орындарында жұмыс істейтін болса жұмыс берушілер бірінші кезекте жұмыс орнын көрсетеді. Екіншіден, қандай еңбек ақы және үй беретінін айтады.

- Басқа облысқа баратын әр азаматқа мемлекет тарапынан 30-35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде және бір жылдық үйдің жалақысы беріледі. Егер бір отбасында 5 азамат болса мемлекет 400 мың теңге шамасында бір реттік көмек береді. Бұл жұмыс берушінің көмегінен бөлек, - дейді министр.

Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Алма Махметованың Азаттыққа айтуынша, облыс жәрмеңкеге 900-ден аса бос жұмыс орнын ұсынып отыр. "Бізге мұғалімдер мен дәрігерлер және ауыл шаруашылығы мамандары өте қажет. Әсіресе көп балалы отбасыларға мұқтажбыз" дейді ол.

- Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан 125 отбасы көшіп барды. Жалпы басқа облыстарды қоса есептегенде 136 отбасы көшіп келді. Оңтүстік Қазақстаннан барған он шақты отбасы қайта көшіп кетті. Себептері әрқилы, - дейді Алма Махметова.

XS
SM
MD
LG