Accessibility links

Коррупцияға қарсы қызмет Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары В.Э.Магамадовтың коррупциялық қылмыс жасау күдігімен ұсталғанын хабарлады.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, полковник Магамадов 4 сәуірде кәсіпкерден "пара алып тұрған жерінде" ұсталған.

Тергеушілердің ұйғарымынша, Магамадов "кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлды заңсыз төмендеткен және нұсқауды орындау мерзімін ұзартқаны үшін заңсыз сыйақы алған". Күдікті Қарағанды қаласы ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG