Accessibility links

Лахорда жарылыс болып, 3 адам қаза тапты


Лахордағы жарылыс болған орын. Пәкістан, 5 сәуір 2017 жыл.
Лахордағы жарылыс болған орын. Пәкістан, 5 сәуір 2017 жыл.

Пәкістанның Лахор қаласында бүгін жарылыс болып, үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланғаны хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, микроавтобуста газ баллоны жарылған. БАҚ-тың жергілікті күш құрылымындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, жанкешті елдегі халық санағына қатысып жатқан әскери көлікте өзін-өзі жарып жіберген. Пенжаб провинциясының әділет министрі Рана Санаулланың сөзіне қарағанда, құрбандар арасында әскери қызметкер де бар.

Жарылыс болған аумақ қоршалып, жаралылар ауруханаға жеткізілді. Лахорда 13 ақпанда «Талибан» қозғалысының содыры жарылыс жасап, 14 адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG