Accessibility links

Қарағанды облысында СССР паспортымен жүрген 30 адам анықталған


СССР паспортын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет.)
СССР паспортын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет.)

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында жеке басын куәландыратын құжат ретінде әлі күнге СССР паспортымен жүрген 30 тұрғын анықталды деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Құзырлы органның мәліметінше, прокуратура мен миграциялық полиция қызметкерлері Бұқар Жырау ауданының шалғайдағы бес елді мекеніне Қазақстан төлқұжатын алмаған азаматтарға құжат дайындау мақсатымен шыққан. Тексеру кезінде аймақтың 30 тұрғыны Совет одағының 1974 жылғы үлгідегі паспортымен жүргені анықталған. Прокуратура әлгі азаматтардың жеке басының құжатын уақытында ауыстырмауына олар тұратын елді мекендердің аудан орталығынан шалғайда орналасуы негізгі себеп дейді.

Миграциялық полиция қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжат дайындау үшін екі тұрғынның паспортын алып, қалған азаматтарға құжат дайындау тәртібін түсіндірген.

XS
SM
MD
LG