Accessibility links

Ресейге Ембі полигонын жалға беруді тоқтататын заңға қол қойылды


Ресей әскерилері С-300 зенит-зымыран кешені жанында тұр. (Көрнекі сурет.)
Ресей әскерилері С-300 зенит-зымыран кешені жанында тұр. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысындағы Ембі полигонын жалға беру жөнінде Ресеймен жасалған келісімнің күшін тоқтату туралы хаттаманы ратификациялайтын заңға қол қойды деп хабарлады ресми БАҚ. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстандағы Ембі полигонын жалға алу және пайдалану шарттары туралы келісімнің күшін тоқтату туралы хаттамада Ресей әскерилері полигон ретінде пайдаланған 300 мың гектар жерді жалдан шығару көзделген.

Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің берген қорытындысында аталған хаттамада Ресей жалға алған полигон территориясындағы жер мен мүлікті Қазақстанға беру жайы қарастырылғаны айтылған.

Ақтөбе қаласынан 200 километр қашықтықта орналасқан Ембі әуе шабуылынан қорғаныс полигоны 1960 жылы ашылған.

XS
SM
MD
LG