Accessibility links

Boeing пен Иран үш миллиард доллардың келісіміне қол қойды


Boeing 737 MAX жолаушылар ұшағы. Вашингтон, желтоқсан, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Boeing 737 MAX жолаушылар ұшағы. Вашингтон, желтоқсан, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Америкалық ұшақ жасайтын Boeing компаниясы Иран әуе компаниясына жалпы құны три миллиард доллар тұратын 30 коммерциялық ұшақ сату туралы келісімге қол қойды. Бұл - Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскелі және Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізгелі бері қол қойылған алғашқы келісім.

Келісім шарттарына сәйкес, көлемі жағынан Иранда әуе тасымалы қызметі көрсететін үшінші орындағы компаниясы саналатын Aseman Airlines АҚШ-тан 30 дана Boeing 737 MAX ұшағын сатып алады және болашақта тағы 30 ұшақ сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Boeing компаниясының хабарлауынша, жасалған келісімде ұшақтар Иранға 2022 жылдан бастап беріледі деп жоспарланған.

Өткен жылы желтоқсанда Iran Air компаниясы мен америкалық Boeing компаниясы арасында 16,6 миллиард долларға 80 жолаушылар ұшағын сату туралы келісімшарт жасалған. Оған дейін, 2015 жылы Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған келісім бойынша Тегеран ядролық бағдарламасын шектегеннен кейін батыс елдері тарапынан Иранға салынған кей экономикалық санкциялар алынған болатын.

XS
SM
MD
LG