Accessibility links

"Дождь": Қадыров пайдаланатын ұшақ 80 миллион доллар тұрады


 Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Ресей құрамындағы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен оның төңірегі құны 80 миллион доллар тұратын, бизнес кластағы Airbus ACJ319 ұшағын пайдаланады деп хабарлайды «Дождь» интернет телеранасы.

Flightradar24.com сайтының деректері бойынша, соңғы жыл ішінде ұшақ 140 рет әуе көтерілген болса, соның 116-сында Грозныйдан ұшып шыққан немесе сонда қонған. Сонымен бірге бұл ұшақтың әуеге көтерілген уақыты Рамзан Қадыров пен Ресей мемлекеттік думасы депутаты Адам Делимхановтың Иорданияға, Сауд Арабиясына, сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннің федералдық жиынға үндеуі жарияланған кезде Мәскеуге барған және өзге сапарлардың уақытымен үйлесіп тұр.

Жатын бөлмесі, кеңсе, ванна және келіссөздер өткізетін бөлмелері бар ұшақты ұстауға айына кемінде 10 мың еуро жұмсалады. «ВипДжет» компаниясының бас директоры Андрей Гороховтың сөзінше, бұл сомаға жанармай және техникалық қызмет көрсетуге жұмсаланын шығындар кірмейді. Горохов ұшақ иесі кім екенін атамаған. «Дожь» телеарнасы бұл ұшаққа Бермуд аралдарында тіркелген компания иелік ететінін анықтаған.

2017 жылғы наурыз айында әнші Тимур Юнусов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы ұшақтың салонында түсірілген фотоны жариялап, ондағы Қадыровтың бейнесін белгілеген еді.

Рамзан Қадыровтың кірісі туралы декларацияда бұл ұшақ көрсетілмеген. Декларация деректеріне сәйкес, 2015 жылы Қадыровтың кірісі 6 миллион рубльді құраған.

XS
SM
MD
LG