Accessibility links

Ресейде кедейлік шегінде 19,8 миллион адам өмір сүреді


Мәскеудегі орталық көшелердің бірінде қайыр тілеп отырған әйел (Көрнекі сурет).

Ресейде өткен жылы кедейлік шегінде өмір сүретін тұрғындар саны 19,8 миллион адамға жетті. Мемлекеттік Росстат агенттігінің мәліметінше, бұл - соңғы он жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 2015 жылы кедейлік шегінде өмір сүретін халық саны 19,5 миллион адам болған. Өткен жылы ресейліктердің 13 пайыздан астамының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 9691 рубльге (шамамен 171 доллар) де жетпеген.

2006 жылы Ресейде кедейлік шегінде 20,6 миллион адам өмір сүрген. 2000 жылы бұл көрсеткіш 40 миллион адамға жеткен еді. 2014 жылы мұнай бағасы құлдырап, Батыс елдері санкция салатынның алдында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 16,1 миллион адам болған.

Соңғы бірнеше жылдағы рецессия тауарлар бағаларының күрт қымбаттауына әкеп соқтырып, тұрғындардың сатып алу қабілеті кәдімгідей нашарлады. Соңғы айларда рубльдің бағамы көтерілгенімен, кедейлік шегінде өмір сүретін адамдар санының артуына байланыста тұтынушылық көрсеткіші тым төмендеп кетті.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG