Accessibility links

Назарбаев: Астанадағы саммитте Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға қосылады


Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшыларының саммиті. Душанбе, қыркүйек 2014 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде Үндістан мен Пәкістанды ұйымға толыққанды мүше етіп қабылдау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы Астанада ШЫҰ елдерінің қауіпсіздік кеңесі хатшыларымен кездесуінде айтты.

ШЫҰ 2001 жылы құрылған. Оған Қазақстан, Қырғызстарн, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Тағы бірқатар елдер, оның ішінде Үндістан мен Пәкістан ұйымға бақылаушы ел мәрбетесіне ие. Ұйым саммиті Астанада 7-8 маусымда өтеді деп белгіленген.

- ШЫҰ-ның халықаралық және аймақтық құрылымдар - БҰҰ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесімен ынтымақтастығын кеңейту керек. Біз бұл нәрсе ұйымның бұдан ары да дамуына ықпал етеді деп санаймыз, деді Назарбаев.

2016 жылы маусымда Ташкентте өткен ШЫҰ саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Үндістан мен Пәкістанды2017 жылы Астанада өтетін саммитте ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде көруден үмітті екенін мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG