Ресей тергеушілері құзырлы органдардың Санкт-Петербургте метрода жарылыс жасады деген күдікті Акбаржон Джалиловпен байланыста болған Орталық Азия елдерінен шыққан бірнеше адамның пәтерін тінтігенін хабарлады.
Ресей тергеу комитетінің 6 сәуірдегі ақпаратына қарағанда, тінту кезінде "тергеу үшін маңызды заттар" табылған. Бірақ нақты қандай заттар табылғаны айтылмайды.
Ал "Интерфакс" және "Фонтанка" ақпарат агенттіктерінің өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, билік 3 сәуірдегі терактіні жасауға қатысқан болуы мүмкін деген бірнеше күдіктіні ұстаған. Бірақ бұл ақпарат әзірге ресми түрде растала қоймады.
6 сәуір күні бұдан бұрынырақ Санкт-Петербургте үйлердің бірінде жарылғыш зат табылғаны және үйде эвакуация жасалған соң бомбаның залалсыздандырылғаны хабарланған. Бірақ табылған бомба мен метродағы бомбаның байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.
Тергеушілер 22 жастағы Ресей азаматы, Қырғызстанда туған Акбаржон Джалиловтың метрода жарылыс жасау үшін бомба апарған дейді.