Accessibility links

Астанада "Иегова куәгерлері" өкілінің ісі бойынша сот басталды


"Иегова куәгерлері" діни қауымының мүшесі, 60 жастағы Теймур Ахмедов сотта отыр. Астана, 27 наурыз 2017 жыл.
"Иегова куәгерлері" діни қауымының мүшесі, 60 жастағы Теймур Ахмедов сотта отыр. Астана, 27 наурыз 2017 жыл.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында бүгін "Иегова куәгерлері" діни ағымының жолын қуушы, 60 жастағы Теймур Ахмедовтің ісі бойынша негізгі сст тыңдауы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Ахмедов діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған.

Судья Талғат Сырлыбаев сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісіне процестен сурет түсіруге, видео және аудио жазба жасауға тыйым салды. Судья процестің ашық өтетінін, бірақ "қылмыстық істі қарауға кедергі келтірмес үшін" БАҚ өкілдеріне сот басталатын кезде және үкім оқылғанда ғана суретке түсіруге, аудио және видео жазба жасауға рұқсат берілетінін айтты. Сотта Азаттық тілшісінен басқа журналистер болмады. Сотқа АҚШ елшілігінің өкілі, "Құқықтық медиа орталығының" директоры Диана Окремова, сотталушының он шақты туысы мен "Иегова куәгерлері" қауымының өкілдері қатысып отыр.

Сарыарқа аудандық прокуратурасының аға прокуроры Бауыржан Құлмағанбетов айыптау актісін оқыды. Прокурор Ахмедовтің "Иегова куәгерлері" ағымы сенімінің ислам, православие сияқты басқа діндерден артықшылығын насихаттап, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы шыққанын" және "қылмыстық ойға берілгенін" айтты. Тергеу тұжырымы бойынша, Ахмедов "өз дінінің артықшылығын жеке пәтерлерде студенттерге насихаттаған". Осындай студенттердің бірі, 1995 жылы туған Абай Тоқсамбаев сотта Ахмедовке жеккөрінішті сезімде екенін айтты. Тоқсамбаевтың сөзінше, мұндай сезім Ахметовпен алғаш кездескеннен жеті ай өткен соң, діндердің "жалған болуы мүмкін екені" туралы ойлана бастағанда туған.

Бұған дейін Теймур Ахмедовтің адвокаты Азаттыққа өзінің клиентіне "арнайы қызметтің арандатқаны" туралы айтқан. Ахмедовтің өзі сотта айыбын мойындамайтынын, Тоқсамбаевпен әңгімесінде Інжілге сүйенгенін және студенттің "арандататын сұрақтарына" жауап бергенін ғана айтты. Сотталушының сөзінше, өзіне әр түрлі діндер мен оларды салыстыру туралы бір сұрақ қайталанып қойыла берген және кездесудің видеоға жазылатынын білмеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG